Цифрландыру аймаққа да жетті

07 желтоқсан 2018, 12:59

Батыс Қазақстан облысын сандық жүйеге көшіру жөніндегі жобалар мен мұнай-газ саласына цифрлы технологияларды енгізудің өзекті мәселелеріне арналған халықаралық форум Оралда өтті.

Жиын Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен және «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясының бастамасымен ұйым-дастырылды. Форумға Премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев, білім және ғылым министрлігі, KAZENERGY қауымдастығының басшылығы, еліміздің жетекші университеттері, сондай-ақ ІТ және цифрлы жүйеге көшіру саласында қызмет көрсетуші аса ірі халықаралық компаниялар мен халықаралық сарапшылар қатысты.

Басқосуда талқыланған басты тақырыптың бірі Батыс Қазақстан облысын цифрлы жүйеге көшіру жобалары мен «Цифрлы Қазақстан» инновациялық даму бағдарламасы аясында іске асырылатын КПО компаниясының бизнес процестерін технологиялық жаңғырту болды. Премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев құттықтау сөзінде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асырудың бес бағыты туралы айтып өтті. Онда адам капиталы мен инновациялық экожүйені дамытуға айрықша орын берілген. Ал Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов: «Тәуелсіздік жылдары ішінде, біз, әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіре алдық. Ел Президенті Н.Назарбаев цифрлы трансформацияны Қазақстандағы Төртінші өнеркәсіптік революцияның стратегиялық бағыты ретінде белгіледі. Бұл – 2050 жылға қарай әлемніңдамыған 30 ел қатарына кіру үшін жасалуы тиіс технологиялық серпілістің басты құраушылардың бірі», – деді.

Форум қатысушыларының назарын аудара отырып, Мұнай компаниясының бас директоры Эдвин Блом былай деді: «Бүгінде аса ірі мұнай компанияларының барлығында дерлік зияткерлік кен орнының тұжырымдамасын әзірлеумен және енгізумен шұғылданатын бөлімдер бар. Бүгінгі форумның мақсаты КПО цифрлы трансформациясына арналған жолдарды, технологияларды және шешімдерді талқылау. Біз цифрлы жүйеге көшірудің, инновациялар мен компанияның өндірістік қызметіне заманауи әзірлемелерді енгізудің өзекті мәселелері бойынша бизнес пен мемлекеттік ашық үнқатысу мүмкіндігін қолдаймыз. Бүгінгі форум бірлескен кәсіпорындар құру, бизнесті кеңейту және нарықтың мемлекет тарапынан да, бизнес тарапынан да барлық өкілдерімен байланыс орнатудың келешегін талқылауға арналған тиімді алаңқай ретінде қызмет етеді деп үміттенеміз. Бүгінгі кездесу сондай-ақ, жергілікті және халықаралық компаниялар үшін Қазақстандағы бизнес процестерін цифрлы әзірлемелер мен автоматтандыру салаларындағы казақстандық қамтуды дамытуға жаңа серпін береді». Сонымен бірге, «Цифрлы Қазақстан» мемекеттік бағдарламасы және Digital Aqjaiyq аймақтық тұжырымдамасы аясында аймақта іске асырылатын және жоспарланған 40-тан астам жоба ұсынылды. КПО сандық жүйеге көшірудің жеке жол картасын ұсынды, онда бизнес-процестерді оңтайландыру, жетілдіру және жеделдету мақсатында цифрлы технологияларға ауысу үшін қызметтің негізгі салалары белгіленген. Соның ішінде: өндіру процесі, ұңғыма операцияларын жүргізу, болашақ жобаларды іске асыру, сондай-ақ жергілікті қамту әлеуетін ұлғайту және өндірістік инфрақұрылымның басқа да компоненттерімен біріктіру.

Форумда КПО компаниялары, білім және ғылым министрлігі, облыс әкімдігі және KAZENERGY қауымдастығы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойлды. Ондағы мақсат – жаңа кәсіби кадрларды оқыту және стартаптар құруға қолдау көрсету арқылы жергілікті қамтуды дамыту. Пленарлық сессиялар барысында форум қатысушылары кәсіпорынның өндірістің қызметінің түрлі аспектілерінде цифрлы технологиялар мен ақпараттық жүйелерді қолдану талқыланды.

Руслан Достаев

Цифрлық Қазақстан жобасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар» Жеке қорымен іске асырылады.

 

18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады
17 сәуiр, 15:44
Түркістан: Сайрамдық полицейлер алаяқтықтың алдын алды
16 сәуiр, 12:24
Түркістан: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол берілмейді
16 сәуiр, 12:05
Қайрат Нұрқасымов: Алматы Индустриялық аймағы – қала экономикасына серпін береді
12 сәуiр, 20:37
Түркістан: Полиция полковнигі жастарға есірткінің зардабын түсіндірді
12 сәуiр, 12:11
Түркістан: Сайрам ауданында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтуде
12 сәуiр, 12:10
Түркістан: Жетісай полицейлері «Заң және тәртіп» жобасын іске асыруда
11 сәуiр, 16:06
«Нөлдік төзімділік»: Түркістан полициясы 700-ден астам құқық бұзушыны анықтады
11 сәуiр, 15:50
Түркістан: Алаяқтар қашып құтылмайды