jasqazaq.kz

ТШО су тасқынының салдарын жоюға 2 млрд теңге бөледі

06 сәуiр 2024, 18:09

«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) бүгінгі қиын-қыстау кезеңде Атырау облысының тұрғындарымен және Қазақстан халқымен бірге екенін мәлімдеді. ТШО-ның Үкімет және қоғаммен байланыс жөніндегі бас менеджері Айбек Крамбаев: «Бұл жағдайдың халықтың өміріне елеулі әсер ететінін ескере отырып, су тасқынына қарсы жедел әрекет ету шараларына және жағдай басылғаннан кейін қалпына келтіру жұмыстарына қолдау көрсету мақсатында Теңізшевройл 2 млрд теңге бөледі. Бұл қаржы аймақ тұрғындары су тасқынының тікелей салдарын жоюға және зардап шеккендердің тұрмысын қалпына келтіруге септігін тигізетін маңызды үлес болып табылады.
Су тасқынының алғашқы белгілері көрінгеннен бастап, Теңізшевройл мүмкіндігінше қолда бар ресурстарды ұсыну арқылы жергілікті халыққа және көпшілігі тасқын судан зардап шеккен аймақтарда тұратын қызметкерлеріне қолдау көрсету мақсатында, өзінің бизнес серіктестерімен және Атырау облысының әкімдігімен ынтымақтасып жұмыс істеуде. Осы уақытқа дейін, ТШО мен оның бизнес серіктестері 90-нан астам мамандандырылған техника, шамамен 30 автобус, сондай-ақ азық-түлік тауарлары мен жанар-жағармай ұсынды.
Теңізшевройл Қазақстанның игілігі үшін өндірісті қауіпсіз және сенімді түрде жүргізуді жалғастыра отырып, қоғаммен бірге болуға ұмтылады», — деді.
JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі