jasqazaq.kz

ТШО: 21,7 млн тонна мұнай өндірілді

07 қараша 2023, 16:42


Биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Теңіз кенішінде өндірілген «қара алтын» көлемі 21,7 млн (173,1 млн баррель) тоннаны құрады. Бұл туралы jasqazaq.kz сайты «Теңізшевройл» (ТШО) компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Бірлескен кәсіпорынның аталған кезеңде газ саласындағы жетістігі де қомақты. Келтірілген деректерге жүгінсек, 932 мың тонна сұйытылған газ бен 1,9 млн күкірт өткізген. Сондай-ақ, 6 млрд текше метр құрғақ газ өндіріп, оны Қазақстандағы газ құбыры жүйесіне жеткізді. Айта кеткен жөн, ТШО өндірілген құрғақ газдың бәрін дерлік еліміздің ішкі нарығына беріп отыр.
Бірлескен кәсіпорын 1993 жылы Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасында жасалған келісім негізінде құрылған. Бүгінде ТШО акцияларының 50 пайызы «Шеврон» компаниясына тиесілі.

JQ-Naryq

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі