jasqazaq.kz

«Целинный» кинотеатрында енді кино көрсетілмейді

11 шiлде 2016, 18:37

351773

Алматыдағы «Целинный» кинотеатрында дәстүрлі өнер театры ашылады.

Алматының мыңжылдығы қарсаңында заманауи үлгідегі дәстүрлі өнер театры ашылады. Жаңа нысан қаланың қақ ортасындағы «Целинный» кинотеатрында орналасады. Қойылымдардан бөлек, телеарна тілшілерінің мәліметінше, жоспар бойынша, өнер үйінде түрлі көрмелер де өтеді. Жаңа ғимаратта қазақстандық және шетелдік суретшілердің туындылары ілінеді. Айта кетейік, аталған игі бастама ұзақ жылдар қаңырап тұрған нысан иесінің ойына келген. Кәсіпкер жөндеу жұмыстарын аяқтаған соң өнер театрын қала меншігіне бермек. Қала әкімдігі мен кәсіпкер арасында осындай екіжақты меморандумға қол қойылды.

«Алматы қаласында Елбасының тапсырмасы бойынша жалпы кәсіпкерлермен бірлесе отырып әр түрлі әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып жатырмыз. Алматы қаласы шағын және орта бизнестің қаласы. Банктердің қаласы. Жеке бизнестің қаласы деп те айтуға болады. Біздің кәсіпкерлер жұмыс орнын ашып, салық төлеп, жаңа жобаларды жүргізіп жатыр», — деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек.

Сондай-ақ мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында алматылық кәсіпкерлер қала тұрғындарына тағы бір сый тарту етпек. Осы жоба шеңберінде бизнесмендер Медеу ауданындағы Сұлусай ауылында фельдшерлік пункт ашпақ. Мекеме тұрғындарға жедел медициналық көмек көрсету үшін қажет. Ғимарат қолданысқа берілген соң, кәсіпкерлер оны да қала меншігіне өткізуге ниетті.

kaz.caravan.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде