jasqazaq.kz

«Трендтен қалмаймын деген әбестік». Депутат ет жеп, сорпа ішуге кеңес берді

09 қараша 2024, 12:04

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқай шетелдің шоколады мен жүзімін жеп, әлеуметтік желіде «есі шығып» жатқандарға кеңес берді.
Депутат: «Көрсеқызар халықпыз… Немесе маркетинг құрбанымыз! «Дубай шоколады» деген шығып еді, енді «кәріс жүзімі» (шэйн мускат дей ме) деген шықты. Инстаға кіріп қалсаң болды, шырт-пырт деп жеп отырғандар қатары көбейді.

Соны жалпақ жұртқа жарияламай-ақ жеуге болады ғой… Кішкентай Дубай шоколадының бағасы 15-20 мың теңге болып еді, енді мына жүзімнің кішкене бір бөлігі 5-10 мың теңге деседі. «Ақша жоқ-жоқ» дейді де, талап алып жатыр халық. Оның құрамында не бар, несі пайдалы, не зиян, ол туралы басымызды ауыртқымыз келмейді. Бастысы жұрттан қалмау керек. Алла біледі, бұны да 12/24 айға бөліп төлейтіндер шықса, таң қалмаймын.
PS: Ақшаңыз артылып жатса, ала беріңіз. Қарсылығым жоқ. Бірақ елден, трендтен қалмайын деген ой – әбестік. Одан да мына қоңыр күзде ет жеңіздер, сорпа ішіңіздер. Міне, нағыз пайдалы тағам», – деп жазды.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі