jasqazaq.kz

Транзит: «Солтүстік–Оңтүстік» дәлізінің маңызы артып келеді

26 қараша 2024, 15:31

Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында еліміздің көлік транзиттік дәліздерін дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Ол қазіргі уақытта ТХКБ және «Солтүстік-Оңтүстік» транзит дәліздерінің өткізу мүмкіндігін арттыру бойынша жұмыс белсенді жүргізіліп жатқанын атап өтті.
«Әлемдегі дәстүрлі қалыптасқан логистикалық бағыттардың өзгеруіне байланысты Солтүстік–Оңтүстік дәлізінің маңызы күннен күнге артып келеді. Оның өткізу мүмкіндігі жылына 10 млн тонна. Нақты тасымалданған жүк көлемі биыл 1,8 млн тоннаны құрады. Дәліздің әлеуетін ескере отырып, оның өткізу мүмкіндігін 20 млн тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз», — деді Марат Қарабаев.

Министр атап өткендей, ол үшін ағымдағы жылдың шілде айында дәлізді Иран, Түрікменстан және Ресеймен синхронды дамыту жөніндегі Жол картасына қол қойылды. Осы дәліз бойынша жүк ағынын тарту мақсатында Қазақстан транзиттік тасымалдарға 50 пайыз мөлшерінде арнайы тарифтік жеңілдіктер ұсынды. Одан басқа, Солтүстік–Оңтүстік дәлізінің шығыс бағытында Біріккен көлік-логистикалық компаниясының (БКЛК) үлгісі бойынша Біріңғай логистикалық оператор құру жұмыс жүргізіліп жатыр. қазіргі сәтте Қазақстан мен Ресей тарапы бірлескен кәсіпорын құру үшін дайындық жұмыстарын аяқтады. Түрікмен тарапынан осы жобаға қатысу мәселесі бойынша шешім күтілуде.

Биыл 10 айда ТХКБ дәлізі бойынша тасымалдау көлемі 68 пайызға өсіп, 3,8 млн тоннаны құраған.

JQ-Aqparat

Фото: rail-news.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі