jasqazaq.kz

Трамп пен Путин телефон арқылы тілдесті

12 ақпан 2025, 23:07

Бүгін АҚШ және Ресей президенттері телефон арқылы сөйлесіп, Украина, Таяу Шығыс, энергетика және екі елдің азаматтарын алмасу жайын талқылады, деп хабарлайды jasqazaq.kz. 

Осы тілдесу туралы өз пікірін білдірген Трамп ресейлік әріптесімен Украинадағы қақтығысты тоқтату қажет деген ортақ ұйғарымға келгендерін жеткізді. АҚШ президенті атап өткендей, тараптар қақтығысты тоқтатуға бағытталған келіссөзді дереу бастау жөнінде уағдаласты.

Ал Кремльдің ресми өкілі Дмитрий Песков әңгіме барысында Путиннің Украинадағы қақтығысқа әкеп соққан себептерді тжою қажеттігін айтқанын хабарлады. Ресей басшысы, сондай-ақ, Ақ үй қожайынын Мәскеуге сапармен келуге шақырды.

Бұған дейін кейбір ақпарат құралдары Трамп пен Путиннің телефон арқылы сөйлескенін хабарлаған болатын. Бірақ бұл ресми орындар тарапынан расталмады.

JQ-Aqparat

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі