jasqazaq.kz

Төрехан Сабырхан – «Странджа» турнирінің ең үздік боксшысы атанды

03 наурыз 2025, 12:29

Болгария астанасында бір аптаға созылған бокстан халықаралық «Странджа кубогі» өз мәресіне жетті. Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан турнирдің чемпиондығымен қоса, «Ең үздік боксшысы» атағына қол жеткізді. Бұл туралы inform.kz хабарлады.

Отандасымыз «Странджа кубогының» жеребесіне сәйкес, алғашқы айналымында өзбекстандық Олимпиада чемпионы Асахуджа Муйдунходжаевпен жұдырықтасуы керек болған. Алайда, қарсыласы шаршы алаңға шығудан бас тартты.

Ал ширек финалда грузин Лаша Гогнидзені жарыс жолынан тайдырды. Жартылай финалда әзербайжандық Наби Исгандаровтан айласын асырды. Финалда тағы бір әзербайжандық боксшы Заур Гахрамановқа мықтылығын мойындатты.

Осылайша Болгарияда 1 аптаға жалғасқан халықаралық турнирдің қорытындысы бойынша, 19 жастағы Төрехан Сабырхан «Ең үздік» деп танылып, арнайы марапатқа ие болды. Бұған дейін осы турнирде бірде-бір қазақстандық боксшы дәл осындай атаққа қол жеткізіп көрмеген болатын.

 Фото: ҚР Бокс федерациясы

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі