jasqazaq.kz

Төреғали Төреәліні қамау мерзіміне тағы үш күн қосылды

22 маусым 2023, 9:47

Төреғали Төреәліні Алматы соты ресми Facebook парақшасына қамау мерзіміне тағы үш күн қосылды, — деп жазды.

Алматы соты әншіні Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 613-бабы, 1-бөлігі «Полиция қызметкерінің талаптарын орындамау» бойынша қосымша жауапкершілікке тартылған. «Іс материалдарын зерделеп, сот 14 маусымда Әлихановтың (Төреғали Төреәлінің тегі – авт.) есірткіге мас күйінде автокөлікті жүргізгенін анықтады. Ол патруль полициясының көлік құралын тоқтату туралы заңды талаптарын орындамады», — делінген сот отырысында. Төреғали Төреәлі кінәлі деп танылып, оған үш тәулікке қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылады. Еске сала кетейік, 14 маусым күні Алматыда есірткіге масайған көлік жүргізуші полицейлердің бұйрығына бағынбай, оқиға орнынан кетпек болғаны туралы жазған едік. Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушіні ұстап, медициналық сараптама жүргізген, нәтижесінде оның есірткіге мас екені анықталды.
Сот отырысында құқық бұзушы іс материалдарында баяндалған фактілерді жартылай растағаны туралы хабарланған. «Алматы сот қаулысымен, ӘҚБтК-нің жоғарыда көрсетілген бабымен көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған үш тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды», — делінген хабарламада.
Осылайша Төреғали Төреәлі қамауда 23 күн өткізуі керек.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі