jasqazaq.kz

Төреғали Төреәлі: Төрт әйел алсам ба деймін

24 қараша 2023, 10:33


Әнші Төреғали Төреәлі блогер Нұрдәулеттің NNN Life tv бағдарламасына қатысып, өнері мен болашағына қатысты сұрақтарға жауап берді.
Бағдарламада қойылған «екінші әйел аласың ба?» деген сұраққа әнші өз жауабын берді.
«Алғың келе ме деген сұрақ болмай ма? Иә, аламын. Алла қаласа, төртеу алсам ба деймін. Бұл біздің қоғамда ауқымды әрі кеңінен талқыланатын тақырыптың бірі ғой. Алланың қалауындағы нәрсе. Мың адам қарсы болса да, тағдырыма жазылса аламын. Жазылмаған болса, ештеңе болмайды», – деді әнші.
Сондай-ақ әнші айтыстан шеттетілді деген сөздің қауесет екенін айтты.
“Айтыстан түбегейлі кеткен жоқпын. Табиғат мені суырыпсалма ақын етіп жаратты. Мен ол қасиетімді тұншықтыра алмаймын. Төрештің айтысқа шықпауына белгілі бір адамдардың қатысы бар деген сөз жалған. Ешкім мені айтыстан қуған жоқ. Эстрадаға кетіп қалғасын айтысқа көп шықпағаным рас. Айтыста қарсылас болудан қорқатын ақындарым бар. Мұхтар Нияз бен Жандарбек Бұлғақов, Бекарыс Шойбек айтыскерлерден қорқамын. Айтысқа қатысып жүргенде ұйқас таппай қиналған кезім көп. Дайындалып келген сөзімді ұмытып, ойымды жинақтай алмаған сәттер болған”, – дейді әнші.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі