jasqazaq.kz

Төреғали Төреәлі: Киіз үйде емес, абақтыда жаттым

07 сәуiр 2023, 14:58


Былтыр белгілі әнші Төреғали Төреәлі Көлсайда гид жігітті соққыға жығып, абақтыға түскен болатын. Алайда іс сотқа дейін жетпей әнші жәбірленушімен татуласып, қамаудан кепілдікке 10 млн теңге төлеп, босап шыққан еді. Өнер иесі осы оқиғаға қатысты алғаш рет сұхбат берді.

«Жасаған нәрсенің айыбын алып, заңға бағынамыз. Сонымен Көлсайда бейнебаян түсірдік, бәрі бітті. Кегенде тергеу изоляторында жатырмын. Ондай жерге бұрын-соңды барып көрмегенмін. Ол жерге баруды ешкімге бұйыртпасын. Оның үстіне Кеген деген дала. Бәрі біткесін Толқынға хабарласып, «Кегенде жатырмын. Сен жоқсың, бір өзім. Киіз үйде емес, абақтыда жатырмын» дедім. Сөйтсем, Толқын «Қайын жұртқа барып концерт қоймай жүр едіңіз. Құдай сізге сол концерттің көкесін қойдырып берді» деді ғой», — дейді сол күнді еске алған Төреғали Төреәлі.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр Төреғали Төреәлі «Көлсай көлдері» табиғи паркінде жас жігітті соққыға жығып, кейін бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, әнші полицияға жеткізілген еді.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі