jasqazaq.kz

Төреғали Төреәлі: Бейберекет түкіре бермеңіздер, қазір заң бар!

26 маусым 2024, 13:55

Отандық әнші Төреғали Төреәлі қазақтың ауызға түкіру ырымына байланысты жеке көзқарасын әлеуметтік желіде білдірді.

«Өткенде кездесуге барып едім. Сұрақтың көбі «түкіру» туралы болды. Қазақтың «баланың аузына түкіру» ырымы ауызға ауыз қуысынан бөлінетін сұйықтықты құйып беру дегенді білдірмейді. Тек атақты, беделді, білімді азаматтар ырымын жасап, баланың аузына түкіргендей қимыл жасайды. Ол бар болғаны сенім. Оның орындалуы, ишара түрінде, ауызға түкіру нышаны ғана жасалады. Халқымыздың ырымы және сенімі бойынша жоғарыда аталған адамдардың қасиеті мен өнері сәбилер мен жас балаларға қонады деген түсінік болған. Бұл кейін балаға да, оның ата-анасына да әсер еткен және оны мақтаныш тұтқан”, – деп түсіндірді әнші.
“Мысалы, белгілі ғалым Бейсенбай Кенжебаевтың аузына ақын Мағжан Жұмабаев түкірген. Аталған ырым халық салт-дәстүрінде үлгі, тәрбие құралы ретінде жүргенін әр ата-ана есте ұстаған жөн. Алты айлығымда менің аузыма атақты ақын Қайыпназар Әйтпенов түкірген екен. Мен одан атақты ақын болып кеткенім жоқ, жәй ғана аузыма шалдың дәмі келеді, десең. Қалжың ғой. Әлі күнге дейін мақтанышпен айтып жүремін. Бейберекет түкіре бермеңіздер, бізге де түкірте бермеңіздер, қазір заң бар!» – деп жазды өнер иесі.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі