jasqazaq.kz

Төреғали тағы 15 күн отырады

04 шiлде 2023, 11:30

Әнші Төреғали Төреәлі қамаудағы мерзімі 15 күнге созылды. Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, А. есімді азамат (Төреғали Төрәлінің тегі бойынша – авт.) 14 маусым күні Алматы көшелерінде көлік жүргізіп келе жатып, тұтас қос жолақты жол белгісі бар жерде бұрылған және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамаған.
ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 596-бабы 3-бөлігі (жол белгілерінің тұтас сызығынан бұрылу) және 667-бабы 1-бөлігі (полиция қызметкерінің талаптарын орындамағаны үшін) бойынша қосымша жауапкершілікке тартылды. 15 (он бес) тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 6 (алты) ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айрылды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетейік, 14 маусым күні Алматыда есірткіге масайған көлік жүргізуші полицейлерге бой бермей, оқиғаға орнынан қашпақ болғаны хабарланған еді. Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушіні ұстап, медициналық сараптама нәтижесінде оның есірткіге мас екені расталды. Сол күні көлік жүргізуші әкімшілік жауапқы тартылды. Ол 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айрылды. Сот отырысында құқық бұзушы іс материалдарында баяндалған фактілерді растап, өкінетінін айтқан.
Пабликтер ресми ақпаратта «А. есімді азамат» деп берілген көлік жүргізушінің Төреғали Төрәлі (Алиханов – ред.) екенін жаппай жазды.
Кейін Төреғали Төрәлінің изолятордағы 20 күндік жазасына тағы үш қосылды. Әлеуметтік желіде әншінің рульде отырғаны туралы ақпарат тараған болатын.

JQ-Aqparat

07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
07 мамыр, 13:25
Айбек Дәдебай: Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп!
06 мамыр, 15:42
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
06 мамыр, 13:48
Сарыагаш: Вопросы питьевой воды в Дербисеке находятся на постоянном контроле
06 мамыр, 13:46
Туркестан: Весенне-полевые работы идут полным ходом
06 мамыр, 8:59
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
05 мамыр, 14:11
Учащиеся Туркестанской области стали призерами чемпионата мира по робототехнике
05 мамыр, 14:09
Сотрудничество Туркестанской области с Узбекистаном выходит на новый уровень
03 мамыр, 14:00
Жайнагуль Толемисова: Новые школы в Туркестане - это шаг в будущее