jasqazaq.kz

Тон ұрлаған әйелдің кім екені анықталды (видео)

20 наурыз 2017, 14:07

Астананың сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде құны 1,7 миллион теңге тұратын тонды ұрлаған күдікті әйелдің аты-жөні анықталды. «Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та сауда-ойын-сауық орталығына келушінің жеке мүлкі ұрланғаны көрсетілген видео жарияланды.

Аталған факті бойынша астаналық полицейлер күдіктінің аты-жөнін анықтады, ол бұрын істі болған Жамбыл облысының 34 жастағы тұрғыны», — делінген хабарламада. Қазіргі уақытта ұрыны ұстау бойынша жедел шаралар жүргізіліп жатыр. Полицейлер азаматтарды адам көп жиналатын жерлерде жеке заттарына мұқият болуға шақырады. ҚазАқпарат хабарлағандай, Ұрлық видеосы Инстаграм желісіне жарияланды. «Сақ болыңыздар! Хан шатыр. Тон ұрланды. Оның құны 1 700 000 теңге. Ұры әйелді әлі тапқан жоқ», — деп жазылған Rozysk_kz аккаунтында.

https://www.instagram.com/p/BRnT33khcx1/?taken-by=rozysk_kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде