jasqazaq.kz

«Tolyq Adam» жастарды жетістікке жетелейді

09 тамыз 2023, 16:25


Жуырда Алматы қаласында 300-ге жуық адам қатысқан «Tolyq Adam» байқауының Гранд-финалы өтті. Бұл жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың идеясын қолдауға бастамашы болып, еліміздің креативті экономикасын дамытуға бағытталған, сондай-ақ өршіл, шығармашыл адамдарды біріктіріп, олардың идеяларын дамытуға және іске асыруға серпін беруге арналған.
Сонымен қатар, Абай күнін мерекелеу қарсаңында бұл жоба «Tolyq Adam» («a person of intergrity», «толық адам» идеясы) идеясын ілгерілету жөніндегі іс-шараларға серпін берді, онда үйлесімді және толық тұлғаның ең негізгі қасиеттері әділдік, еңбекқорлық, мейірімділік, адамның үнемі жетілдірілуі және білімге ұмтылу болып табылады.
Байқаудың бағыттары «Бизнесті» қамтыды, онда ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер өздерінің стартаптарымен және бейнеконтенттерімен бөлісуге мүмкіндік болды. Сонымен қатар, режиссерлер мен бейнемейкерлер өздерінің бейне жобаларымен қатысты. Жүлде қоры екі жеңімпазға арналған 6 000 000 теңгені құрады, олардың жұмыстары «Неге Tolyq Adam?» жобасын іске асыруға бағытталуға тиіс еді.

Байқау Мемлекет басшысының Ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың шын мәнінде толық адамның Жүрегі, Ақыл-ойы мен Ерік-жігері дамыған деген сөздерін қолдай отырып айтқан Толық адам тұжырымдамасына негізделді.
Офлайн іс-шараларға қатысу Қуаныш Бейсек пен Расул Абдуллаевтың «бейнеконтент» бағытындағы, сондай-ақ Ақсұлтан Қалиев пен Руслан Хайруллаевтың «Бизнес» бағытындағы тәлімгерлігімен сүйемелденді.
Ағымдағы жылдың мамыр және маусым айларында тіркеу кезінде 1800-ге жуық адам конкурсқа қатысуға ниет білдірді және тек 20 адам ғана жіберіліп, олар өздерінің сүйікті Dudeontheguitar, Bonapart, Introvert, Colorit, Akim әртістерінің қойылымдарын, сондай-ақ керемет фотосуреттер түсіруге болатын интерактивті аймақтар, ұлттық стильдегі әдемі боди мен фейсарт, сондай-ақ қолөнермен айналысу мүмкіндігі күтті.
Іс-шараны Виталий Бужан мен Kaizen Center қолдап, финалистерге құнды сертификаттар берді.
Іс-шараға қатысқан белгілі кәсіпкерлер үшін де үлкен финал назардан тыс қалмады. Оған Дамир Аманжолов, Гүлбану Майгарина, Zheka Fatbelly, Маржан Өтеген, Сабина Бейіс, Айторе Жолдасқали, Мейіржан Самалбек, Исламбек Шәріпов және басқалар қатысты.
Сонымен қатар, байқаудың Гранд-финалына «Qamqor Charity» қоғамдық қорының төрағасы Бағдат Бекболатқызы Анарбаева және Алматы қаласы әкімдігінің жастар саясаты басқармасының өкілдері қатысты.

Шара соңында Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 3 жеңімпаз таңдалды. Олардың жұмыстары көрермендер мен тәлімгерлерді таң қалдырды. Жеңімпаздардың жобалары ауыл шаруашылығын цифрландыру және жаңғырту, еліміздегі мультипликациялық индустрияны дамыту және ауылдардағы жастар мен балаларды дамыту үшін мүмкіндіктер жасау сияқты мақсаттарды қамтыды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың идеясын қолдайтын осындай жобалар Қазақстанның жас ұрпағын еңбек пен дамуға ынталандыруды арттыруға сеп болатыны сөзсіз.

JQ-Aqparat

07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
07 мамыр, 13:25
Айбек Дәдебай: Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп!
06 мамыр, 15:42
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
06 мамыр, 13:48
Сарыагаш: Вопросы питьевой воды в Дербисеке находятся на постоянном контроле
06 мамыр, 13:46
Туркестан: Весенне-полевые работы идут полным ходом
06 мамыр, 8:59
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
05 мамыр, 14:11
Учащиеся Туркестанской области стали призерами чемпионата мира по робототехнике
05 мамыр, 14:09
Сотрудничество Туркестанской области с Узбекистаном выходит на новый уровень
03 мамыр, 14:00
Жайнагуль Толемисова: Новые школы в Туркестане - это шаг в будущее