jasqazaq.kz

Төлеген Мұхамеджанов: Анам жалғыз сиырын сатып, пианино алып берді

11 қантар 2024, 13:07

Композитор Төлеген Мұхамеджанов «Төрлетіңіз» бағдарламасына берген сұхбатында, өнерге әкесінің арқасында келгені туралы сөз етті.

«Мен негізі ғарышкер болуды армандағанмын. Бірақ ғарышқа ұшқан азаматтар – менің жақын достарым. Ол арманым орындалмайтын болғасын, консерваторияға түстім. Менің алғашқы ұстазым – әкем. 5-сынып оқып жүргенде 11 жастағы баласын поштаға жұмысқа тұрғызды. Үш ай бойы ауылда хат пен газет-журнал тасушы болдым. Баламын ғой, кейде ойнап жүрген достарымды газет таратуға жұмсай саламын. «Кешке үйге газет-журналымыз келмеді» деп адамдар іздеп келетін. Сол 105 рубль еңбекақыма әкем маған баян алып берді. Амал жоқ, таңертеңнен кешке дейін баян үйрендім. Әкемнің сондағы мақсаты – өз адал еңбегімен тапсын дегені шығар.

13 жасымда әкем қайтыс болып, анам тәрбиесіне алды. Әкемнің аманаты болуы керек, өнерді тастамауымды қатты қадағалады. Студент кезімде қорасындағы жалғыз сиырын сатып, пианино алып берді. Ол кезде оның бағасы бір сиырдың құнымен бірдей болатын», – дейді өнер иесі.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі