jasqazaq.kz

Толассыз жауған жауынның салдарынан үй құлады (фото)

21 ақпан 2017, 14:39

Шымкентте толассыз жауған жауынның салдарынан тұрғын үй құлады. Онсыз да апатты деп танылған баспана жаңбырға шыдас бермей опырылып қалған. Абырой болғанда, шаңырақтағы алты бала аман.

ҚазАқпарат хабарлағандай, оқиға түнгі сағат 3-00-дер шамасында болған. Екі қабатты тұрғын үйдің ішінде бір емес, ағалы-інілі қос отбасы мүшелері шырт ұйқыда жатқан. Ескі үй шыдас бермей, жермен-жексен болғанда көршілердің де зәре-құты қашыпты. Себебі қатты дауыстан олар да оянып кеткен. «Дереу далаға жалаңаш жүгіріп шығып, әйтеуір көршілер болып, балаларды үйден алып шықтық. Ешқайсысы зардап шекпеді абырой болғанда. Құдай бетін аулақ қылсын. Мына үйлердің барлығы құлайын деп тұр», –  дейді көршісі Кәрима Әбдікәрімова. Алты баламен далада қалған қос отбасы қазір көрші-қолаңды паналап отыр. Олардың өздерінің жағдайы нашар. Бір кездері апатты деп танылып, сүрілуі тиіс болған ескі үйде тұрады. «Алты баламен далада қалдық. Құжаттарды ғана алып үлгердік. Барлық заттарымыз сынды. Қирады. Енді мынау әкімшілік көмектессе,- деген өтінішіміз бар», — дейді үй иесі Нұрай Қуандықова. Мұндағы тұрғындардың сөзінше, Қошқарата өзенінен аққан су үй қабырғасын жарып шыққан. Содан қабырғалар үгітіліп, баспана құлап қалды. Осы көшедегі өзге үйлердің де жағдайы осындай кез келген уақытта құлап қалуға шақ қалып тұр. Жаңадан салып алайын десе, сәулет-құрылыс басқармасы рұхсат бермейді, – дейді. «Әкімшілікке талай рет бардық. Осыдан екі-үш жыл бұрын бұл үйлер сүріледі деген. Бірақ содан кейін хабар жоқ. Міне, мынаны көріп тұрсыздар ма, екі арнада аққан су үй қабырғасын жарып шыққан. Үйдің газ жүйесіне қосылмағаны қандай жақсы болды. Әйтпесе күлі көкке ұшар еді», — дейді көше төрайымы Клара Меңдікеева. Айтпай келген апаттың шығын мөлшерін қазір арнайы құрылған комиссия анықтап жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде