jasqazaq.kz

Толғағы келген бірнеше әйел қар құрсауынан құтқарылды

21 ақпан 2017, 16:57

Боранның салдарынан әйелдер перзентханаға уақытында жеткізілмеуі мүмкін еді.

sputniknews.kz хабарлағандай, Ақмола облысында құтқарушылар төрт толғатқан әйелді қар құрсауынан құтқарып, перзентханаға жеткізді деп хабарлады төтенше жағдайлар жөніндегі баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Жақсын ауданында 20 ақпан күні сағат 01.04-те Орталық аудандық аурухана медбикесінен Анжела Ю. есімді толғағы келген әйелді ауруханаға жеткізу қажеттігі туралы хабарлама түскен екен, әйел боранның кесірінен шыға алмаған көрінеді. Құтқарушылар «Бронто» арнайы көлігімен әйел адамды ауруханаға жеткізіп салды.

Сол күні Целиноград ауданында республикалық маңызы бар Қабанбай батыр – Мәншүк – Оразақ автожолында Мәншік аулында толғағы келген бірнеше әйел қар құрсауында қалып қойған: 32 жастағы Асыл К., 20 жасар Аида К. Және 28 жасар Махаббат Ж. Үшеуінде құтқарушылар Астана қаласы №2 ауруханаға жеткізді.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде