jasqazaq.kz

Тоқтар Серіков: Жұп боламыз деп ойламадым

18 сәуiр 2023, 13:33

Қалың көпшіліктің көзайымына айналған жұлдызды жұп Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева отандық бағдараманың бірінде қалай танысқандарын әңгімелеп берді.
“Бейбітті Нұр-Мұқасанның 10 жылдығына орай өткен үлкен концертте көрдім. Қаршадай қыздың дауысына қайран қалдым, себебі мұндай дауысты көптен бері естімеген едім. Сөйтіп келгенше Ұлықпанға: “Біздің қазақ эстрадасына жақсы әнші қыз келіпті” деп айтып келдім. Мен екеуіміз танысып, түбінде жұп боламыз деп ойламадым. 1-2 күннен кейін үлкен тойға барып, екеуіміз қайта жолығып қалдық. Сөйлесіп көрсем менің қазақшамды түсінбейді. Мен орысша білмеймін. Сөйтіп “да, давай, пока, ладно” деп қоштастық. Бұл менің жақсы білетін орысша сөздерім”, – дейді Тоқтар Серіков.

Өнер иесінің айтуынша, жұбайы Бейбітпен шаңырақ көтеруіне ықпал еткендердің бірі – халық.

“Бізді қосқан көрермен, халық. Мен Бейбітті бірінші рет концертте дуэт айтуға шақырдым. Содан кейін халық: “Екеуі жүреді екен” деп өсек айта бастады. Сөйтіп мен: “Халық жүр деп жатыр, көрдің ғой” дедім Бейбітке. Содан көп ұзамай “Үйленеді екен” деген әңгіме тарады. Осылайша екеуіміз шаңырақ көтердік. Екеуіміздің Құдай берген төрт ұлымыз бар. Енді Алладан қыз болса деп тілеп жатырмыз”, – дейді әнші.

JQ-Aqparat

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура