jasqazaq.kz

Тоқтар Серіков: Менің қаракөз қарындастарым тек қазаққа тиюі керек

04 маусым 2024, 16:34

Танымал әнші Тоқтар Серіков қазақ қыздарының өзге ұлтқа тұрмысқа шығуына қарсы екенін айтып, пікір білдірді. Өнер иесі “Уақыт көрсетеді” бағдарламасына сұхбат беріп, елдің болашағына алаңдайтынын жеткізді.

«Маған көп адам шүйлікті. Бұл – менің азаматтық көзқарасым. Өз қаракөз қарындастарымды өзге ұлттың құшағында жүрсе қызғанамын. Өте қатты қызғанамын. Менің қаракөз қарындастарым тек қазаққа тиюі керек. Тек қазақтың жігіттеріне тиесілі. Менің қазағымның көбеймей жатқаны да осыдан болуы мүмкін. Сондықтан менің шырылдағаным рас. Әлі де шырылдаймын. Өзге ұлтқа тұрмысқа шығуына қарсымын. Қазақтың қызы өзге ұлт азаматына тұрмысқа шықса, қатты қарсымын. Жүрегім ауырады», – деді әнші.

Сондай-ақ әншінің айтуынша, ондай өзге ұлтынан дүниеге келген балалар болашақта дүбара ұлтқа айналатын көрінеді.
“Қазақ қыздарының қытайға тигеніне қарсымын. Оның қасында орыс айналайын болып қалды. Қытай ұлтының жігітіне қазақ қызы күйеуге шығып жатыр дегенді естісем, сеңдей бұзылып, көңілім түседі. Қатты қарсымын. Қытай мен қазақтың ортасынан дүбара ұлт пайда болады. Менің ойлайтыным – сол. Көпке топырақ шашпаймын. Бірақ қазақ қыздары қазақ жігітіне ғана тұрмысқа шықса екен деп тілеймін”, – деді өнер иесі.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі