jasqazaq.kz

«Тоқал іздейтіндер мазамды алды»

12 ақпан 2024, 14:44

Отандық «Күйеуіме тоқал іздеймін» фильмінде айтылатын телефон нөмір бес балалы анаға тиесілі екен. Журналист Гүлмира Әбіқайдың айтуынша, кинодағы бұл қателік бір отбасының шырқын бұзғалы тұр.

«КҮЙЕУІМЕ ТОҚАЛ ІЗДЕЙМІН»

«Дәл осындай атаумен фильм бар екен, өзім көрмедім. Дегенмен, осы фильм кесірінен бір отбасының шырқы бұзылып, ажырасу алдында тұр. Фильмде тоқал болатын подружкалардың тел. нөмірін сұрайды, ол 874763419.. деп айтады.
Сөйтсек, өмірде ол нөмір 5 баланың анасы Қарлығашқа тіркелген екен. Енді киноны көрген әр еркек қызық үшін осы нөмірге хабарласуда. Шырт ұйқыда жатқан ерлі-зайыптылар шошып оянып, айрандай ұйыған отбасының шырқы бұзылуда. Жаныңдағы әйеліңнің телефоны түнімен безек қағып, ар жақтан біреу “Қарындас, танысайық” деп тұрса қай еркек жақсы көрсін?! Фильм түсірушілердің өмірде бар, өзгеге тиесілі телефон нөмірін үлкен экранда атап көрсетуі қаншалықты заңды??? Жеке өмірге қол сұғу деген бап бар емес пе заңгерлер???», — деп жазды журналист.

Ал телефонына тыным болмаған Қарлығаш Гүлмира Әбіқайдан көмек сұраған.

«Қазақстанда күйеуіме тоқал іздеймін деген түсірілген екен. Сол кинода тоқалдыққа әйел іздейді, және менің нөмірімді береді. Маған түнде бөтен еркектер танысайық деп хабарласып, мазамды алып жатыр. Менің 5 балам мен күйеуім бар. Осы киноның арқасында үйде күнде жанжал», — делінген киногерлердің қателігінен зардап шеккен әйелдің хатында.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі