jasqazaq.kz

Тойдағыларды тонап кеткен «қонақ» іздестірілуде

04 қазан 2016, 10:48

20161004095912

Астана қаласының Ішкі істер департаменті бөтен адамдардың тойына келіп, құдды өз тойында жүргендей би билеп, соңында екі адамның ұялы телефонын ұрлап кеткен жігітті іздеуге кірісті. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Астана қалалық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қылышбекова хабарлады.

Астанадағы ұрлықтың жаңа түрі туралы Инстаграмм әлеуметтік желісіндегі «v_astane» атты паблик хабарлап отыр.

«Астана тұрғындарының назарына. 01.10.16 жылы бөтен адамның тойына келіп, өз тойында жүргендей қыдырған мына жігітке іздеу саламыз. Той иелерінің бәрі оны біреудің туысы шығар деп ойлады. Кеш бойы көңіл көтеріп, жас жұбайлар үшін қатты қуанып жүрді. Тойдың соңында 2 адамнан «біреуге қоңырау шалып алайыншы» деп ұялы телефондарын алған да, тайып тұрған. Тойға келген адамның қарасы көп болды, басқа зардап шеккен адамдар да бар шығар. Тойдан қалғаны оның «көңілді» суреттері ғана. Бұл жігітті өз тойыңызда көрсеңіз, хабарласуыңызды сұраймыз. Әрине, ол ұялы телефоныңызды алып кетпесе…», — деп жазған пост иесі.

Ал, Астана қаласының Ішкі істер департаментіне әзірге ешкім ұрлық туралы арыз түсірмеген екен. «Бірақ, әлеуметтік желілерден көріп, арыз түспесе де, ұрлық фактісі бойынша тергеу басталды. Бұл жігіттің аты-жөнін, қай тойда ұрлық жасағанын, басқа да қылмыстық істерге қатысы бар ма, жоқ па, анықтауға кірістік», — деді С.Қылышбекова.

ҚазАқпарат

 

 

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде