
Әлеуметтік желіде жігіттің тойда билеп жүрген қызды көтеріп алып қашқан видеосы тарап кетті.
Видео Инстаграм желісінің videogram_kaz тобына жарияланды.
Бастапқыда той қонақтары әдеттегідей билеп жүреді. Сәлден соң қызбен билеп жүрген жігіт оны көтеріп алып есікке беттейді. Оның соңынан жігіттер де шуласып сыртқа шығады. Видеодан қыздың айқайлаған даусы да естіледі. Оқиғаның қалай аяқталғаны беймәлім. Жігіт осылайша әзілдегенге ұқсайды.
Желі қолданушылары жігіттің әрекетіне әр түрлі баға берді. Бірі оны батыл азамат десе, енді бірі оған қарсы пікір жазып жатыр.