jasqazaq.kz

Тоңазытқыштан бульдозер құрастырды (видео)

12 наурыз 2017, 17:48

Петропавл қаласының тұрғыны Дмитрий Клишин шағын бульдозер құрастырып шығарды. 76 жастағы зейнеткер онымен көшесін қардан тазартып, көктемгі тасқынның алдын алады. Ең қызығы, техника тек қолда бар материалдардан жасалған.

76 жасар зейнеткер Дмитрий Клишин қар жауса, сары уайымға салынбайды. «Шағын бульдозерін» оталдырып, көшесін тап-тұйнақтай тазалап тастайды. Оны өзі құрастырған.

Дмитрий Клишин, зейнеткер:

— Капот пен кабинасын тоңазытқыштың темірінен жасадым. Сүргішін де қолдан құрастырдым. Мотоблоктың қозғалтқышы тұр. 8-12 аттың күші бар. Дмитрий Клишин 30 жыл жүргізуші болып жұмыс істеген. Сондықтан көліктерге деген махаббаты ерекше. Гаражында 56-шы жылғы «Газ — 69» темір тұлпары тұр. Онымен жазда ғана жүреді.

Дмитрий Клишин, зейнеткер

— Бұл көлікті «Жигулиге» ауыстырып алдым. Темір-терсек күйінде жүрмей тұрды. Бірте – бірте істетіп, «Волганың» қозғалтқышын орнаттым. Бұнымен бармаған жерім жоқ. Зейнеткердің көшесін көктем сайын су басады. «Шағын бульдозермен» қардың барлығын шығару мүмкін емес. Енді ол «көмекші» көлігіне қуатты қозғалтқыш орнатпақ.

24.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде