jasqazaq.kz

Тоқал алған азамат Шымкенттегі бәйбішесінен баласын тартып алды

18 наурыз 2017, 15:19

Шымкентте тұратын Алина есімді келіншек күйеуінің тоқалымен бірге кетіп, ортақ қыздарын тартып алғанын айтуда. Қызымен көрісу мүмкіндігінен айырылған келіншек портал тілшісіне мұңын шақты.

Ресейдің Түмен қаласынан келген полицейге тұрмысқа шыққан Алина бақытты боламын деп сенген. Жігіт намаз оқитын әрі үй ішінен барлық дәстүрді сақтай отырып қыздың қолын сұрайды. Алайда бұл бақыт бір жарым жылға ғана созылған. Бойжеткен қыз босанғаннан кейін күйеуі тоқал аламын деп шығады.

Ақыры жігіт өзіне көңілдес тауып алған. Алина оның көңілдесі тоқал болуға ниеттенбегенін, оны ажырастырып өзіне тартып алуды көздегенін айтуда. Ақыры дегеніне жеткен әйел Алинаның күйеуін иемденіп алады. Ол кезде Алинаның қолында төрт айлық нәрестесі болған.

«Күйеуім маған нәрестем дүниеге келгелі оны қолыма ұстатпайтын. Алып кететін де үйді жина, еденді жу деп қуатын. Ақыры қызымды тартып алды. Кетпесем мені өлтіретіндерін айтып қорқытты», — дейді Алина.

Жақында нәресте үш жасқа келеді, алайда оны әлі күнге дейін анасына көрсетпеуде. Бұрынғы күйеуі Алинаны тек бір рет қана өзіне шақыртқан. Ол жерді сатуды үшін Алинаның қол қоюын талап еткен. Одан табылған қаражатқа пәтер сатып алып, бірге тұрамыз деп сендіреді.

Сөзіне сеніп, отбасын қайтарудан үмітті болған Алина қолын қойғаннан кейін тағы керексіз болып қалады… Оған баласын да қайтармай қойған, ал күйеуі өзге әйелмен бірге тұрып жатыр.

Өмірін жаңа парақшадан бастағысы келген Алина өзге мұсылман ер азаматпен көңіл жарастырады. Жаңа күйеуі де бірнеше әйел алғысы келетінін айтқан. Екінші әйел болуға келіскен Алина күйеуі барлық әйеліне тең қарайтын болады деп үміттенеді.

NUR.KZ хабарлағандай, «Біз ресми некемізді қимадық. Тек неке қию рәсімін жасадық. Бізді отбасы деп атауға келмейді. Ол тек айына екі-үш рет келетін. Мен мұны дұрыс деп санамаймын», — дейді Алина.
Көп ұзамай Алина тағы жүкті болған. Көп күйзеліс құрсағындағы балаға кесірін тигізеді деп қорыққан ол күйеуімен айырылысып кетеді. Бүгінде Алина «Аналар үйінде» тұрады. Ол қызын қайтарғысы келеді, алайда қаражаты мен қорғаушысы жоқтығынан, бұрынғы күйеуінен қорқатындығынан оған мүмкіндігі болмай отыр.

Алина ата-анасы оған қиын сәтте қолдау көрсетпегеніне налиды.

«Олар оңтүстіктің менталитетімен өскен. Бірінші күйеуіммен болған жайтты айтқанымда, олар маған сол жерге қайтып, өле сал деді. Ал екінші күйеуімді тіптен қабылдамады», — дейді Алина.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде