jasqazaq.kz

Тірідей жерленген бойжеткенді әкесі қабірден қазып алды (видео)

11 мамыр 2017, 11:39

Үндістанның шығысындағы Говиндпур ауылында ер адам екі сағат бойы тірідей көміліп жатқан 19 жастағы қызын қабірден қазып алып, құтқарып қалды. Бұл туралы NUR.KZ порталы mirror.co.uk сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

19 жастағы Хушбу Хатун жексенбі күні базардан үйіне қайтып бара жатқанда, оған үш ер адам тап берген. Олар қызды терең шұңқырға лақтырып, оны тірідей көміп кетіпті.

Хушбу үйіне қайтпағанын байқаған 43 жастағы әкесі Мухаммад Азим Ансари оны шарқ ұрып іздеуге кіріседі. Ақыры Ансари көрші жатқан шұңқырдың аяқ асты толып тұрғанын байқап, күдіктене бастайды.

Ол дереу сол шұңқырды қаза бастағанда, Хушбуды ес-түзсіз жатқан жерінен тапқан. Олар жабылып жүріп қызды әзер қазып алып шығады да, оны дереу емханаға жеткізеді.

Бұл қылмысқа күдікті ретінде жергілікті бизнесмен Амит Шах пен оның екі сыбайласы іздестірілуде. Амит Ансариге тиесілі жерді тартып алуды көздеген екен. Ол осылайша сол жерге өз құрылысын бастағысы келген.

Алайда Ансари көнбегесін, ол қызын өлтіремін деп талай қоқан-лоққы көрсетіпті.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде