jasqazaq.kz

Тимур Сүлейменов: Теңгенің жаңа дәуірі басталды

15 қараша 2023, 14:00

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстан қаржыгерлерінің XI конгресінде айтты.
«Зайырлы мемлекет қалыптасу кезеңінде теңгенің енгізілуі толыққанды қаржы жүйесін қалыптастыруға және еліміздің мемлекеттілігінің іргетасын нығайтуға мүмкіндік берді. Ол ақша-несие саясаты тәуелсіздігінің негізін қалады», — деді Ұлттық банк төрағасы.

Тимур Сүлейменов соңғы бес жылда қолма-қол ақшасыз төлемдерді ілгерілету және қаржылық қызметтерді цифрландыруды қамтамасыз етуде жетістіктерге қол жеткізілгенін атап өтті.

«Бүгін теңгеге — 30 жыл. Теңгенің жаңа дәуірі басталды. Біз ұлттық валютаның – цифрлық кеңістіктегі дәуірдің куәсі болдық. Цифрлық теңге — қаржы жүйесінің жаһандық трансформациясына әсер ететін ең маңызды тренд екенін білесіздер», — деді ол.
Ұлттық банк төрағасының сөзінше, бүгінде Қазақстанда сенімді қаржылық инфрақұрылым мен нарықтық экономикаға бейімделген банк жүйе құрылды. Жоғары сапалы қаржылық қызметтер еліміздің әрбір тұрғынына қолжетімді.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі