jasqazaq.kz

Тимур Елеусізов бір сөз үшін 73 840 теңге төледі

22 ақпан 2024, 16:24

«Басқа бәле – тілден» деп атам қазақ бекер айтпаған. Алматы қалалық мәслихатының депутаты Тимур Елеусізов кеше қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында сөйлеп отырып, аузынан жаман сөз шығып кеткенін өзі де байқамай қалды. Мұның өзі жұрт арасында едәуір талқыға түсті. Егер де сол жиында отырған біреу видеоға түсіріп, таратып жібермегенде жабулы қазан күйінде қалатын ба еді, кім білсін. Бірақ бізде боғауыз айтқаны үшін айыппұл салынады. Сондықтан мәслихат депутатына бүгін айыппұл төлеуге тура келді. Айыппұл көлемі 20 айлық есептік көрсеткіш (73 840 теңге).

Бір сөз үшін басы бәлеге қалған Елеусізов өзінің Инстаграм парақшасында: «Полиция басқармасына келіп, түсініктеме жаздым. Мені ұсақ бұзақылық жасағаным үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша жауапқа тартты. Жіберген қателігің үшін жауап беру керек. Бұл заң алдында барлығының тең екендігінің жақсы үлгісі», — деп жазды.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі