jasqazaq.kz

«Тілі ұзын әйел»: Анас Баққожаев жұрттан кешірім сұрамайтынын айтты

13 ақпан 2024, 16:39

Өткен аптада Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев отбасындағы жанжал туралы айтқанда «Жанжал неден туындайды? Әрине, әйелдің тілінің ұзындығынан. Әйелдер кешірсін мені, бірақ мұндай фактілер бар» деп басы бәлеге қалып еді.

Шынын айтқанда, оның осы айтқанымен ерлер тұрмақ, салт-дәстүрге арқа сүйейтін ақылды әйелдер де келіскен-тұғын.

«Айтылған сөз, атылған оқ» демекші, депутаттың аузынан шыққан сөзді жадында сақтаған кейбір журналистер соңынан қалмай жүріп, сол сөзі қаншалықты орынды екенін бүгін сұрады.
Оған Баққожаев былай деп жауап берді: «Біріншіден, сол күні сөз сөйлеген кезде мен барлық ұсынысты және заң жобасын қолдайтынымды бірден айттым. Бұл ер азаматтардың кез келген өрескел әрекеті жазалануы керек дегенді білдіреді және мен мұны қолдаймын. Не үшін екенін де, себебін де айттым. Неге екенін білмеймін, БАҚ бұл бөлігін ескермеген. Екінші нәрсе. Психологиялық құралдарға назар аудардым, яғни ер адам әйелге күш көрсетсе, әйел психологиялық тұрғыдан әсер етеді. Бұл жерде жанжал міндетті түрде төбелеспен немесе зорлық-зомбылықпен аяқталуы керек деген сөз емес. Мен кез келген зорлық-зомбылықты мүлдем қолдамаймын, қарсымын».

Депутат отбасын сақтауда әйелдердің рөлі зор екеніне тоқталды.

«Бұл менің жеке көзқарасым — егер әйел мүмкіндігінше сақтауға, яғни жағдайды ушықтырмауға, кез келген жағдайды жақсы аяқтауға тырысса, әрине, отбасы сақталады» деген ол Қазақстан халқынан кешірім сұрайтын дәнеңе де жоқ деп санайды.
«Неге кешірім сұрауым керек? Біріншіден, БАҚ сөзімнің бірінші бөлігін мүлде ескермеді. Менің ойымша, бұл хейт, таза хейт… Мен сөзімді: «Әйел адамдар, кешіріңіздер» деп бастадым, тек өз ойымды айттым. Егер он мыңдаған отбасы үйлерінде осы мәселені талқыласа, менің ойымша, бұл керісінше, жақсы болған», — деді ол.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі