jasqazaq.kz

Тиктокер тауда жоғалып кетті

08 маусым 2023, 11:50

Жетісу облысында тиктокер тауда жоғалып кетті. 36 жастағы Дамир Кушеев Текелі маңындағы тауда із-түзсіз жоғалып кетті.
7 маусым күні Қора шатқалындағы Бұрқанбұлақ сарқырамасына спорттық велосипедімен барып, бөгеттің жанында тұрып соңғы мәрте эфирге шыққан, сол жерде жергілікті қорықшының қолынан шәй ішіп, дәм ауыз тиген. Байланыс үзілгеннен кейін Кушеевтің жұбайы төтенше жағдайлар департаментіне көмек сұрап хабарласқан. Ескелді ауданының полицейлері арызды тіркеп, жедел іздестіру шараларына кірісті. Қазір таулы аймақта полицейлер мен ТЖД қызметкерлері, кинологтар жоғалған жігітті іздестіріп жатыр. Дамир Кушеев түрлі көрікті жерлерге велосипедпен барғанды ұнатады. TikTok желісінде өзінің жеке парақшасы бар. Ескелді ауданындағы туыстарында қонақта болған. Жоғалған адамның жүрген жері туралы ақпараты бар кез келген адам мына телефондарға хабарласып мәлімет беруіне болады. 8 747 558 1508, 708 252 2008, 102 немесе 112.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі