jasqazaq.kz

TikTok-тағы жазбасы үшін Қызылорда тұрғыны істі болды

10 қантар 2025, 14:19

Қызылорда соты әлеуметтік желіде жала жабу ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотының хабарлауынша, азамат Д. TikTok әлеуметтік желісінде Т.-ның ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіріп, жала жауып, жазба жариялаған.

Сотталушы өз кінәсін мойындап, жариялағанын растады.

«Азамат Д.-ның әрекеті психо-филологиялық сараптаманың қорытындысымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, полиция қызметкерлерінің хаттамаларымен, түсіндірме хаттарымен және іс материалдарымен дәлелденді», — делінген хабарламада.

Сотталушы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-3-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 465 192 теңге айыппұл салынды.

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі