jasqazaq.kz

Тиімсіз жобаларды 5,1 млрд теңгеге қаржыландыруға жол берілмеді

27 қараша 2023, 11:41

Қаржылық мониторинг агенттігі қабылдаған шаралардың нәтижесінде тиімсіз жобалар бойынша 5,1 млрд теңгеге қаржыландыруға жол берілмеді.

Мәселен, Қызылордада Сырдария өзенінің арнасын тазартуға 5 млрд теңге қарастырылған болатын. Алайда, жобаның сапасыз жоспарлануына байланысты тазарту жұмыстарынан кейін қатты ағыс пен желдің әсерінен өзен арнасы қайта ластанып, толып қала беретіні ескерілмеген. ҚМА өңірлік департаментінің қызметкерлері қабылдаған шаралардан кейін әкімдік 3,7 млрд теңге көлемінде игерілмеген қаражатты басқа әлеуметтік мақсаттарға бағыттады.

Сондай-ақ Көкшетау қаласының Станционный кентінде 1,4 млрд теңгеге 160 орындық мәдениет үйін салу жоспарланған. Жобаның бастапқы құны 910 млн теңгені құраған, ал басқа елді мекендерде осыған ұқсас объектілердің құны айтарлықтай төмен болған. Осыған байланысты Көкшетау қаласының әкімдігі шартты бұзу бойынша жұмыс жүргізуде. Үнемделген қаражат есебінен басқа да әлеуметтік маңызы бар жобалар қаржыландырылады.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі