jasqazaq.kz

Терроризмге күдікті 15 адам ұсталды

20 шiлде 2016, 16:45

352766

Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресей елдері бірігіп өткізген «Чануб — 2016» шекаралық арнайы операция кезінде экстремизм және терроризмге күдікті 15 адам ұсталды. Бұл жөнінде Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметі хабарлайды.
Арнайы операция биылғы жылдың 6-29 маусым аралығында шекара аймағында үш кезеңмен жүрген. Бұл операцияға шекара қызметкерлерінен өзге төрт елдің құқық қорғау органдарының өкілдері де қатысқан.

Әлсіз делінген мемлекеттік шекараларға уақытша бекет қойылған. Мұнан бөлек, шекара бақылауы күшейтілген.

«Чануб – 2016» операциясы барысында заңсыз мигранттар, террористік және экстремистік іс-әрекеттерге қатысы барлар, іздеуде жүргендер ұсталған. Сонымен бірге қару-жарақ, жарылғыш заттар, есірткілер тәркіленген.

Қырғызстанның шекара қызметі арнайы операцияға қатысушылар өздеріне қойылған міндеттерді толығымен орындап шықты деп хабарлайды.

kaz.caravan.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде