jasqazaq.kz

Терроризмді насихаттаған күдіктілер ұсталды

30 қазан 2023, 14:38
Polisia.kz

Алматы мен Түркістанда терроризмді насихаттады деген күдікпен екі ер адам ұсталды. Polisia.kz хабарлағандай, Алматы қаласының полиция департаменті ҰҚКД-мен бірге терроризм идеяларын насихаттады деген күдіктіні құрықтады. Ұсталған адам Қазақстан Республикасында тыйым салынған “Хизб-ут-Тахрир әл-Ислами” діни-экстремистік ұйымының жақтаушысы болып табылады. Сонымен қатар Түркістанда облыстық ПД қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен терроризм идеяларын насихаттады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады. Ер адам Қазақстанда сот шешімімен тыйым салынған “ДАИШ” халықаралық террористік ұйымы идеологиясының жақтаушысы болып табылады. Күдіктілердің тұрғылықты жерін тінту кезінде діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 256-бабының 1-бөлігі “Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу уақытында ұсталғандарға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі