jasqazaq.kz

Теріскейге көші-қон квотасы көбейді (Видео)

06 маусым 2023, 11:32

Биыл Павлодар облысына 3500-нан астам көші-қон квотасы бөлінді Осы өңірге қоныс аударып тұрақтап қалуға, еңбек етуге ниеттілер қатары жыл сайын артып келеді. Жұмыс күші мол оңтүстік аймақтардан солтүстікке көшіп келген азаматтарға және қандас мәртебесі барларға бірсыпыра әлеуметтік, материалдық көмек түрлері көрсетіледі. Бұл өңірде педагог мамандарға деген сұраныс жоғары. Мысалы Омбы облысынан қоныс аударған Жасұлан Шалабаев Ақсу қаласындағы мектепке педагог ассисент болып орналасқан. Қандас мәртебесі берілгеннен кейін Жасұланға көтермеақы төленіп, жалға алған үйінің ақысын мемлекет өтеп береді екен. Еңбек ұтқырлығын дамыту бағытында Павлодар облысындағы Ақсу қаласының өзіне 400 квота бөлініп отыр. Бұл шаһарға осы күнде білім беру саласына, өндіріс, медицинаға білікті мамандар ауаддай қажет. Квота негізінен осы мамандық иелеріне көбірек бөлінеді. Ақсу қалалық жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Әсемгүл Ермекованың айтуынша, көшіп келушілерге әлеуметтік көмек көрсетіледі. «Квота бойынша көшіп келушілерге жол шығындарын өтеу үшін 70 АЕК мөлшерінде субсидия бөлінеді. Олар көшіп келген соң бір жыл бойы үйді жалдағанынан, коммуналдық қызметтеріне кеткен шығынды мемлекет өтеп береді. Осы жылдың наурыз айынан бастап үй сатып алуға арнайы сертификаттар беріледі. Павлодар облысына қоныс аударушылардың қатарын арттыру мақсатында жол картасы әзірленді. Мұның барлығы елімізідң көші-қон саясаты тұжырымдамасын іске асыру аясында жүргізіледі», – дейді Ә.Ермекова.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі