jasqazaq.kz

Терезеде қыздың мүсіні байқалады: 7 қабаттан құлаған Ақнәрға қатысты жаңа дерек пайда болды (Видео)

19 мамыр 2025, 13:30

Видеодан кадр

Алматыда 7-ші қабаттан құлап, мерт болған 21 жастағы бойжеткеннің анасы әділдік іздейтіні туралы өткенде жазғанбыз. Журналист Руслан Өтепбай өзінің Инстаграм парақшасында осы оқиғаның хронологиясын жариялады, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

«Ақнәр 7 қабаттан 02:54 шамасында құлайды. Сол сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Жазбаны максималды түрде үлкейтттік. Видеоға қарасақ, терезенің қасында тұрған қыздың мүсінін байқауға болады. Ол қыз Ақнәрдің артында не істеп тұр?

20:44:-те Ақнәр мен Ранна лифтке кіреді. Лифт3ден 20:45-те шығып, Дидар деген қыздың пәтеріне барады. Арада 6 сағат өткен соң, түнгі 02:00-де Ақнәрдің телефонынан анасына қоңырау түседі. Анасы қайта хабарласқан кезде тұтқаны ешкім көтермейді. Ал 02:30-да Ақнәрдің нөмірінен бейнежазба келеді. Видеода Ақнәр жерде жатады, үстінде Ранна деген қыз әлденені айтып, қолдарын қысып алған. Видеоны таспалаған үшінші қыз. Есімі Дидар. Видеоны көрген анасы Ақнәрға қайта-қайта қоңырау шалады. Ешкім көтермейді. Туыстары да хабарласады. Жауап болмайды. Екі қыздың біреуі жедел жәрдемге үш рет қоңырау шалады. Жедел-жәрдемге келіп түскен байланыс бойынша мәтіні мынадай: бір қыз есінен танып жатыр!

Содан 02:52-де Ақнәрдің телефонынан анасына тағы бір видео келеді. Видеода бір қыздың шыңғырған даусы естіледі. Араға 2 минут салып, 02;54-те Ақнәр жерге құлайды.

Ал қыздар түк болмағандай пәтердің ішінде отыра береді».

Руслан Өтепбай Ақнәрдің анасынан алған сұхбаттың жуырда YouTube арнасына шығатынын хабарлады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Руслан Есмагамбетов (@ruslan_utepbai)

 

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы