jasqazaq.kz

Теңдессіз Теке көлі мемлекетке қайтарылды

20 наурыз 2025, 15:49
ortcom.kz

ortcom.kz

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекетке «Теке» көлін қайтарды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Бас прокуратураның мәліметінше, 2020 жылы ас тұзын өндеуге арналған келісімшарт шеңберінде жергілікті атқарушы органдар жер қойнауын пайдаланушыға Теке көлін бергені анықталды.

2022 жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың тоқтатылуына қарамастан, уәкілетті орган жер кодексінің талаптарына қайшы, екі жылдан астам уақыт бойы сотқа дейінгі тәртіппен шартты біржақты бұзу жөнінде шаралар қабылдамаған. Бұл су қорының жерлерін мақсатсыз пайдалануға әкелді.
Бұдан басқа, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекстің талаптарына қарамастан, шаруашылық жүргізуші субъектісі құзыретті органның ресми сайтында жер қойнауын пайдаланушылардың тізілімінен алынбаған.

Мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының қабылданған шараларымен жер учаскесін жалдау шарты сотқа дейінгі тәртіппен біржақты бұзылды. Сөйтіп кадастрлық құны 26,7 млрд теңгені құрайтын жалпы ауданы 21,5 мың гектар ащы- тұзды Теке көлі мемлекет меншігіне қайтарылды.
Құзыретті органның интернет-ресурстарындағы мәліметтер сәйкестендірілді. Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі