jasqazaq.kz

Теміртауда «бомба қойған» адамды іздестіріп жатыр

03 сәуiр 2023, 10:02


Қарағанды облысының полицейлері Теміртау қаласындағы мектептердің бірінде жарылғыш зат бар деп хабарлаған белгісіз адамды іздестіріп жатыр. Бүгін түнде Теміртау қаласындағы мектепке бомба қойылды деп хабарлаған адамды табуға полицияның жедел қызметкерлері жұмылдырылды. Бомба қойылды деген мектептің ғимаратын сүзіп шыққан полицейлер қауіпті жарылғыш заттың табылмағанын мәлімдеді.

«Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 273-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктіні анықтау бойынша кешенді жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр», — деді Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі. Дүрлікпе ақпаратқа қатысты Теміртау қаласындағы барлық мектеп пен балабақша тексеріліп, қауіпсіздікке қатер төндіретін бомба табылмады.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде