jasqazaq.kz

Теміртауда баласымен күресіп жатқан жеткіншекті сүйреп, шапалақтаған әйел 6 айға сотталды

26 тамыз 2025, 15:08

Теміртау қалалық соты баласымен күресіп жатқан жасөспірімді жұлқылап, шапалақтаған әйелдің ісін қарап, шешім шығарған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға биыл маусым айының соңында болса да сот бұл іс туралы ақпаратты енді таратып жатыр. Іс материалдарына сенсек, сотталған келіншек екі баласын алып, есік алдына серуендеуге шыққан.

«Ойын алаңында кәмелетке толмаған бір бала өзінің баласымен күресіп жатқанын көрген ол екеуіне қарай жетіп барған: баласымен күресіп жатқан жеткіншекті мойнынан жұлқылап, ойын алаңының ішінде сүйреп, бетінен шапалақтаған. Осы оқиғаның бәрі камераға түсіп қалған. Әйел адам шапалақтаған баланың миы шайқалып, беті көгеріп қалған», — деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Келіншек өз кінәсін мойындаған. Ал одан таяқ жеген баланың анасы болса соттан әділ шешім сұраған.

«Сот әйелдің шын жүректен өкінгенін және жас балалары бар екенін ескеріп, жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп тапқан. Осылайша оны Қылмыстық кодекстің 108 бабының бірнеше тармағы бойынша кінәлі деп тауып бас бостандығын шектеді және 6 ай мерзімге пробациялық бақылау белгіледі. Сот әйелдің мүліктік жағдайын негізге ала отырып, жәбірленушінің пайдасына 100 000 теңге моральдық зиян өндірді», — деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Фотоколлаж: Azattyq ruhy

12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті