jasqazaq.kz

Темекісіз қоғам құрған алғашқы ел! Швед моделінің тиімділігі неде?

17 сәуiр 2023, 14:21

Health Diplomats қозғалысы Швеция туралы қызықты дерек жариялап отыр. 2023 жылы бұл елдегі темекі шегушілердің саны халықтың 5% болды. Бұл ең төменгі рекордтық көрсеткіш, мемлекет ресми түрде әлемдегі алғашқы «темекі түтінінен азат» ел атанды. Мамандардың есебінше, бұл тәжірибе Еуропадағы 3,5 миллион адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін. Ал бұл жетістікке Швеция қалай жетті? Стокгольмдегі халықаралық зерттеу семинарында ұсынылған «Швед тәжірибесі: темекісіз қоғамға апарар жол картасы» есебінде Швецияның темекі шегудің әсерін азайту жөніндегі инновациялық стратегиясы егжей-тегжейлі сипатталған.

Соңғы 50 жылда Швеция темекі түтінімен күресуде Еуропаның өзге елдеріндегідей дәстүрлі шаралар қолданды. Бірақ темекінің орнын басатын балама түтінсіз құралдарды пайдалануға, сатуға шектеу қоймады. Шведтер ұзақ жыл бойы Қазақстанда сатуға заңды түрде тыйым салынған түтінсіз темекі өнімі – снюсты қолданып келеді. Кейінгі жылдары мұның дамуына жаңа балама түтінсіз өнімдер – электронды темекі, темекіні қыздыру жүйелері және никотин пакеттерінің пайда болуы да ықпал етті. Құжатта шведтер түтінсіз баламалардың ықтимал аз зиянының ғылыми дәлелдеріне сүйенеді. Корольдік дәрігерлер колледжі электронды темекі түтінінің зияны кәдімгі темекіге қарағанда 5%-дан аспайды дейді.

«Бұл темекі шегудегі зиянды азайтуға қарсы күрес. Зиянсыз темекі болмайды, бірақ электрондық сигареттің дәстүрлі темекі шегуге қарағанда 95% зияны аз. Шылым шегушіге зияны аз темекіге өту әлдеқайда жақсы», — дейді стратегия авторларының бірі ДДҰ-ның үш бас директоры мен БҰҰ Бас хатшысының Денсаулық сақтау жөніндегі бұрынғы кеңесшісі Делон Хуман.

Баламалы түтінсіз өнімді тұтыну елді темекі түтінінен таза қоғам құруды жеделдетті. Швецияда 2006 жылдан 2020 жылға дейін темекі шегудің 60%-ға азайғаны тіркелді, бұл ЕО елдері арасындағы ең жақсы көрсеткіш. Салыстыру үшін айтсақ, басқа еуропалық мемлекеттер 25% ғана кеміген. Қатерлі ісік ауруы басқа Еуропа елдеріне қарағанда Швецияда 41%-ға төмен. Темекі шегуге байланысты аурудан болатын өлім-жітім деңгейі ЕО орташа деңгейінен 39,6%-ға төмен.

«Швецияда темекі шегуге қарсы өте сәтті стратегия бар, оны экспорттау керек. Егер Швеция сияқты көптеген ел сұраныс пен ұсынысты төмендететін шараларды қолдана отырып, темекі шегушілерге темекіден аз зиянды баламаларға көшу үшін қаржылық ынталандыру беретін сараланған салық ставкаларын қолданса, бүкіл әлемге өте пайдалы болар еді», — дейді тәуелділікті зерттеу бойынша халықаралық деңгейде танылған сарапшы профессор Карл Фагерстрем.

Салық салудың сараланған тәсілі шведтік темекі шегуге қарсы үлгідегі маңызды жайт. Бұл елдегі темекіге салық салу стратегиясы пропорционалды акцизге негізделген. 2022 жылдың сәуірінде Швецияның Қаржы министрі Микаэль Дамберг темекі мен никотинге салынатын салықтар «Денсаулыққа зиянды деп саналатын өнімдердің қаупі жоғары және жоғары салық салынатындай етіп құрылымдалған» деп мәлімдеді.

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Швецияда қыздырылатын темекі өнімдеріне акциз мөлшерлемесі темекіге қолданылатын акциз мөлшерлемесінің 36%-ға жетті. Бұл темекіге зиянды баламалардың темекіге қарағанда қолжетімді екенін білдіреді және бұл темекі шегушілерді никотинді тұтынудың ең зиянды түрінен алшақтатуға ынталандырады.

«Швеция сияқты темекі шегуді тоқтатқысы келетін елдерге темекінің баламасына ауыса алмайтын немесе тастағысы келмейтін ересек темекі шегушілерге рұқсат беру сияқты зиянды азайту стратегиясын қабылдауға кеңес беру керек», — делінген хабарламада.

Қазір Швецияда халықтың 5,6% темекі шегеді, бірақ алдағы уақытта елдегі темекі шегушілер 5%-ға дейін төмендейді. Ал ДДСҰ дәл осы нәтижеге жеткен елдерді ғана темекі түтінінен азат елдер қатарына қосады. Еуропалық Одақ өзінің барлық мүше мемлекетінің алдына 2040 жылға қарай «темекі түтінінен арылу» міндетін қойды. Бірақ бір кездері ер адамдарының 49% шылым шеккен Швеция бұл межеге оп-оңай – 2023 жылы жетпек.

 Арда Туған

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата