jasqazaq.kz

Telegram-бот — қаржы пирамидасына тосқауыл

30 наурыз 2023, 16:30

Бұдан былай қаржы пирамидасының белгілерін Telegram-бот арқылы тексеруге болады.

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында қаржылық мониторинг агенттігі басқарма басшысының орынбасары Андрей Давыдов осылай деді.

«Жыл басынан бері Интернет-ресурстарды тексеру бойынша Telegram-бот — @BAIQApiramidaBOT іске қосылды. Енді біздің азаматтар сайттар мен әлеуметтік желілерді финпирамида белгілерінің бар-жоғын өз бетінше тексере алады. Бұл олардың «алаяқтық» схемаларға араласуына жол бермейді», — деді ол.

Әзірленген жоба сұранысқа ие. Қысқа уақыт ішінде бот автоматты түрде жауап бергендерді есептемегенде, азаматтардың 2,5 мың өтінішін қаралыпты. «Сондай-ақ жұртты жаңалықтар, жүргізіліп жатқан жұмыстар және ескерту ақпараттары туралы хабардар ету мүмкіндігін іске асыруды жоспарлап отырмыз, — деді Андрей Давыдов.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі