jasqazaq.kz

Телеарналарда Қаңтар оқиғасы туралы деректі фильм көрсетілді

05 қантар 2024, 15:51

Осы күндері қасіретті Қаңтар оқиғасына екі жыл толып отыр. Осыған орай еліміздегі бірқатар республикалық телеарналарда «Қаңтар. Мемлекеттік төңкеріс әрекеті. Оқиға қалай өрбіді» атты деректі фильм көрсетілді.

Фильмде 2022 жылдың басында бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндерген оқиға нақты деректер арқылы жан-жақты баяндалған.

«Бұл кезең билікті басып алу мақсатында мұқият жоспарланған ауқымды төңкеріс әрекеті ретінде тарихта қалды. Қастандықты ұйымдастыру жұмыстары алдын ала жүргізіліп, оны қылмыстық топтардың қатысуымен жоғары лауазымды тұлғалар және күш құрылымдарының басшылары басқарды. Жоспарлар мен сызбалар жасалып, арандатушылар, үйлестірушілер мен содырлар дайындалды. Қару-жарақ, көлік және байланыс құралдары алдын ала сатып алынды», – делінеді филмнің бастауында.
Деректі кинотуынды баяндаудан ғана емес, талдау мен саралаудан құралған.

«Біз барлық мән-жайлар мен фактілерді, құжаттарды, фотосуреттерді, бейнематериалдарды, куәгерлердің сөздерін жете зерттеп, мұқият талдадық. Жан-жақты және, объективті талдау негізінде біз қаңтар оқиғасының ең толық және егжей-тегжейлі хронологиясын қайта жасадық. Біз күн сайын және сағат сайын көшелердегі оқиғалардың қалай өрбігенін, негізгі шешімдердің қалай және қашан қабылданғанын, еліміз дағдарысты қалай еңсергенін көрсететін боламыз», – дейді авторлар.

Фильмді жасаушылар расымен де туындының басында айтылған үдеден шыға білген. Онда терактілердің, тонаулардың, өртеу мен бүліктердің бұрын белгісіз болған эксклюзивті кадрлары да көрсетілді.

 Оразәлі Баймұрат

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі