jasqazaq.kz

«Тегін палау десе барар еді»: Роза Рымбаеваның концертіне жұрт жиналмады (Видео)

15 наурыз 2024, 12:07

Халық әртісі Роза Рымбаева Ақтауға гастрольдік сапармен барды. Алайда концерттің болатыны алдын-ала хабарланса да, көрермен жиналмаған. Бұл туралы желідегі оқырман талқысынан көруге болады.

Өнер иесі Амал мерекесі күні қарсаңында Маңғыстау өңірін аралады. Алайда, сол күні 112 қызметі облыстың барлық тұрғындарына жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жететін жел соғатыны туралы ескерту жолдаған. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, өнер иесі ашық аспан астында концерт берді.
«Концертті өткізбейік дегенбіз, бірақ Роза Рымбаева үзілді-кесілді бас тартты. Ақтаулықтар қашаннан мықты адамдар, олар бұл қаланы ыстықта, қақаған аязда, қатты желде және сусыз даланың арасында тұрғызған. Сондықтан бұл концерт ақтаулықтарға құрмет», – дейді ұйымдастырушылар.

Қатты желге қарамастан концертке 50-ге жуық қала тұрғыны жиналды. Желі қолданушылары түрлі пікір жаудырып жатыр.

“Көрісу күні болып, үйімізге қонақ шақырып қойдық”, “Концерт уақыты сәйкес келмеді”, “Ауызашар уақытында концерт бере ме?”, “Тегін палау десе ауа райына қарамай баратын еді” деп жазып жатыр оқырман қауым.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от 112 — Ақтау — Актау (@112_aktau)

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі