jasqazaq.kz

Театр әлеміндегі бүгінгі жетістік

08 қараша 2023, 13:32

Бүгінде тамыры терең, мәдениет пен өнердің ошағы, Алматы қаласында орын тепкен Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры жас режиссерлердің жетістіктерін насихаттаумен қоса, олардың кәсіби әлеуетін арттыруға күш салып келеді. Жуырда өткен I Республикалық жастар театрлары фестивалінің мақсаты да сол болатын.
Қараша айында театрсүйер қауымды дүр сілкіндірген бұл фестиваль басқалардан ерекше. Өйткені қазақстандық режиссерлердің кәсіби шеберлігін шыңдау мен түрлі шығармашылық тәжірибелермен алмасу мақсатында мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткізілген бұл кешке қадірменді көрермендер отандық 8 режиссердің туындыларымен таныс болды. Оның ішінде Мейрам Хабибуллин, Гүлназ Балпейісова, Антон Зайцев, Әлібек Өмірбекұлы, Шағуан Үмбетқалиев, Анна Цой, Әридаш Оспанбаева мен Шыңғыс Жақыпбай сияқты 35 жасқа дейінгі режиссерлердің таңдаулы қойылымдары көрсетілді. Сонымен қатар, Астана қаласы әкімдігінің Жастар театры, М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театры, С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық драма театры және басқа да ұжымдар өздерінің үздік қойылымдарын ұсынды. Атаулы фестивальде театр тарихында есімі алтын әріппен жазылып, көрермен тарапынан зор құрметке ие болған қайраткерлер де бой көрсетті. Атап айтқанда, Нұрқанат Жақыпбай, Есмұқан Обаев, Талғат Теменов, Әубәкір Рахимов, Қуандық Қасымов, Гүлсина Мирғалиева, Мұрат Ахманов сынды тұлғаларды біз осы арадан көрдік.
Фестиваль аясында атаулы режиссерлердің бірі Әлібек Өмірбекұлының фестиваль туралы былай дейді: «Бұл фестивальге қатысуымның бірден-бір себебі: мұнда әр қатысушының еңбегі дербес өнер тұлғасы ретінде биік деңгейде бағаланады. Маған дәл осындай жүлделеу тәсілі ұнайды. Өйткені біздің еңбегімізді қандай да бір жүлдеге байламайды. Керісінше, бұл фестиваль – нағыз шығармашылық өнерді насихаттайтын фестивальдердің алғашқысы деп санаймын және қолдаймын».
Меніңше, театрдың еліміздің өнері мен мәдениетіне қосар үлесі орасан. Неге десеңіз, бұл — өнерпаздарды бір шаңырақ астына жинап, бір үйлі жандардай жақындастырып, әрі рухани байлыққа кенелткен мекен.

Аружан Қайыржанқызы,
Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің ФММК факультетінің журналистика мамандығының 2-курс студенті

26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры