jasqazaq.kz

Тбилиси төрінде тартысқа түседі

20 наурыз 2023, 16:20

24-26 наурыз аралығында Грузияның астанасы Тбилиси қаласында дзюдодан Grand Slam турнирі өтеді. Маңызды додаға әлемнің 62 елінен 440-қа жуық балуан қатысады деп жоспарланып отыр.

Ерлер мен қыздар арасындағы аламанға елімізден 24 спортшы аттанады. Қыздар арасындағы сында гран-при турнирінің чемпионы, әлем чемпионатының жүлдегері Әбибә Әбужақынова, Ғалия Тынбаева, Кәмила Берліқаш сынды талантты аруларымыз бақ сынайды. Ерлер додасында жастар арасында өткен әлем чемпионатының жеңімпазы, мастерс турнирінің жеңімпазы Мағжан Шамшадин, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев, Нұрлыхан Шархан сынды талапты балуандар белдесуге түседі.

Grand Slam турнирінде чемпион атанған балуанға әлемдік рейтингте 1000 ұпай беріледі, күміс жүлде алған спортшыға 700, қола жүлдегер атанған балуан 500 ұпай олжалайды. Дзюдо күресінен жазғы Олимпиада ойындарының жолдамасы Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) рейтингіне қарай таратылады. Яғни әлемдік рейтингте алдыңғы сапта тұрған балуандар Олимпиада жолдамасын иеленеді.

JQ-Aqparat

02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу