jasqazaq.kz

Тәжікстанды тауармен қамтамасыз ете аламыз ба?

03 мамыр 2023, 11:54

Қазақстан – Тәжікстан бизнес форумында Премьер-Министрдің орынбасары — сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин осы елге 60-қа тарта тауар түрінің экспортын ұлғайту мүмкіндігі бар екенін жеткізді.

«Біздің болжамымыз бойынша ортаазиялық өңірдегі сауданың жиынтық әлеуеті 10 млрд доллардан асады. Қазіргі уақытта Қазақстанда Тәжікстанмен бірлескен 418 кәсіпорын жұмыс істейді, оның 416-сы – шағын кәсіпорын. Қазақстанның 2005 жылдан бастап Тәжікстан экономикасына салған инвестициясының көлемі – шамамен 132 млн доллар, ал Тәжікстаннан инвестиция ағыны – шамамен 21 млн доллар. Пандемияның аяқталуымен біз ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша өзара іс-қимылымызды арттыратынымызға сенімдімін. Қазірдің өзінде біз өзара саудадағы әлеуетті көріп отырмыз. Атап айтқанда, Қазақстанның жалпы сомасы 140 млн доллар болатын 60 тауар позициясы бойынша экспортты ұлғайту әлеуеті бар. Бұл – жеткізілімнің оң өсуі байқалатын өңделген өнімдердің тауарлары. Сонымен қатар, оларды жеңілдікті шарттармен ұсынуға дайын қызмет көрсетушілердің қызығушылығы зор. Олардың ішінде ауыл шаруашылығы саласы үшін Жерді қашықтықтан зондтау және спутниктік байланыс қызметтерін, ІТ қызметтерін атап өтуге болады. Мемлекеттік басқару мен ғылыми-инновациялық қызметтің цифрлық трансформациясы саласындағы ынтымақтастықты дамытуға әзірлік жасалуда», – деді Серік Жұманғарин. Премьер-Министрдің орынбасары күн озған сайын қазақстан мен Тәжікстанның бизнес топтары арасындағы іскерлік қарым-қатынас нығайып келе жатқанын жеткізді.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі