jasqazaq.kz

«Таза Қазақстан: Сарқырама өзені бойында экоплоггинг өтті

31 шiлде 2024, 18:06

Бүгін  Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылының арасындағы «Сарқырама» өзенінің бойында «Таза Қазақстан» облыстық экологиялық акциясы аясында облыстық экоплоггинг өтті.

Іс — шараның негізгі мақсаты — қала тұрғындары мен туристердің, әсіресе жастардың экологиялық мәдениетін арттыру, «Адал адам — Адал еңбек — Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде патриотизмге, табиғатқа, қоршаған ортаға ұқыпты қарау құндылықтарын дәріптеу.
Іс-шараға азаматтық сектор өкілдері, «Аманат» партиясы, қалалық мәслихат депуттатары, «Жасыл ел» еңбек жасақтары, жастар-ресурстық орталығы, белсенді жастар мен еріктілер, коммуналдық мекеме қызметкерлі мен меншік иелері бірлестігінің өкілдері, барлығы 350-ге жуық адам қатысты.
Плоггинг екі заманауи тенденцияны біріктіреді: салауатты өмір салты және қоршаған ортаға қамқорлық. Плоггинг әдеттегі жүгіруден ерекшеленеді, өйткені сіз өзіңізбен бірге қапшықты алып, оған жолда кездесетін барлық қоқыстар жиналады.


Экоплоггингтің қатысушылары 2 топқа бөлінді: екі топ ресми басталғаннан кейін «Сарқырама» жағалауында, екіншісі Қосшы мен Тайтөбе ауылын жалғайтын күре жолдың бойында қоқыс жинады.


Жалпы.»Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған сәттен бастап Ақмола облысы бойынша 550-ден астам елді мекен қамтылып, 80 мыңға жуық тонна қоқыс шығарылды. Тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілді, 200 – ге жуық көшет отырғызылды, екпелерді әктеу, су айдындары-өзендер мен көлдердің айналасын қоқыстан тазарту, 400 балалар алаңы абаттандырылды, тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың қасбеттері жөнделді.
Облыс бойынша барлығы 500 мыңға жуық адамның қатысуымен 3500-ге жуық бір реттік экологиялық іс-шаралар өткізілді.

Ақмола облысының
Ішкі саясат басқармасы

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі