jasqazaq.kz

Тату елдің тілегі бір (Видео)

01 мамыр 2023, 17:09


Азаттықтың ақ таңы атып, бостандық, еркіндік жолында тәуелсіз еліміздің тұғырын бекемдеу — әр азаматтың ар-намысына, абыройына байлаулы іс. Сондықтан, тәуелсіздік күні әрбіріміз үшін ұлық, аса қастерлі. Мұндай қасиетті күн өркениетті мемлекетіміздің мәртебесін көтеруге, демократиялық қоғам құндылықтарын сақтап, дамытуға дем береді.
Ал, халқымыздың татулығы мен ұлтымыздың ішкі бірлігі еліміздің жарқын болашағын айқындайды. Сондықтан, өз отбасын, көршісін, ауылдасын, жерлесін қадірлеуді үйрену мен үйрету ерекше маңызға ие болмақ. Отан үшін, отандас үшін жанқиярлыққа баратын сезім, қадір-қасиет қалыптасады. Сонда бізге жау шаппайды. Елімізді бүлікші бүлдіре алмайды, халқымызға қаскөй қастандық жасай алмайды. Әрдайым туған халқымызды, мәңгі елімізді, есіл ерлерімізді мақтан тұтуға тиіспіз!
Жасаған иеміз тәуелсіздігіміздің мүшелін мың жылдан қайыруды жазсын!

Дархан МЫҢБАЙ

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі