jasqazaq.kz

Тассай индустриялық аймағында 200 жұмыс орны ашылады

13 мамыр 2023, 22:29

Қазірдің өзінде индустриялық аймақта 24 жоба іске қосылды.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында: Арнайы экономикалық аймақтарға инвестициялық жеңілдіктерді саралап беру керек. Неғұрлым көп ақша салсаң, соғұрлым көп жеңілдік аласың деген ұстаным басты қағида болуы қажет. Жұмыс істейтін саласы негізгі бағыт болмаса да, маңызды индустриялық жобаларды жүзеге асыратын инвесторлар бар. Оларға салық және кеден жеңілдіктерін ұсынбай-ақ, жер телімдерін беруге болады,- деген болатын. Президени тапсырмасын орындау үшін Шымкент қаласында индустриалды аймақтар құрып, көбірек инвестор тарту ісі белсендіә жүзеге асып жатыр.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бірқатар индустриялық аймақтарды аралап, кәсіпорындардың жұмыстарымен танысты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазір «Тассай» индустриялық аймағында 24 жоба іске қосылып, онда 1,8 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды. Жалпы аймақ іске қосылғалы мұндағы кәсіпорындардан бюджетке 8,2 миллиард теңге салық төленген. Бизнес өкілдерімен кездесіп, өзекті мәселелерін тыңдаған М.Дүйсенбекұлы туындаған проблемалардың оңтайлы шешу жолдарын қарастырды.

«Аймақты инженерлік-инфрақұрылыммен қамту жұмыстарының екінші кезеңін жыл соңына дейін аяқтау қажет. Оған дейін кәсіпорындардың уақытша электр қуатымен қамтылуын ұйымдастырыңыздар. Инвесторларға берілген жер телімдерінің тиімді пайдаланылуын қадағалауға алыңыздар», — деді қала әкімі.

Жыл соңына дейін мұнда 7 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Жобалар 200 адамды жұмыспен қамтуға қауқарлы.

Қала әкімі жауаптыларға кәсіпорындардың қуаттылығына сай жұмыс істеуіне барынша қолайлы жағдай жасап, абаттандыру, көріктендіру жұмыстарын бақылауға алуды тапсырды.

Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында 35 жоба іске асырылып, 2,5 мыңнан астам жұмыс орындары құрылды. 1 теңге бюджеттік инвестицияға 15 теңге жеке инвестиция тартылды. Жалпы аймақ жұмыс істеп тұрған кезеңнен бері аймақ қатысушыларымен бюджетке 8,2 миллиард теңге салықтық және әлеуметтік аударымдар жасалған. Жұмыс істеп тұрған индустриялық аймақтардың жобалармен жылдам толуына байланысты аумағы 867 га 5 жаңа өнеркәсіптік алаңдар құрылуда.

Нәтижесінде, инвестиция көлемі 398 миллиард теңгені құрайтын 271 жоба іске асырылатын болады. Сонымен қатар, «Бозарық» тамақ өнеркәсібінің индустриялық аймағының инженерлік-инфрақұрылымдық желілерін аяқтау жоспарлануда.

Мерей Әлімбек

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде