Таскөмірдің жыры

19 қараша 2021, 11:32

Shovel and coal in the background coal mine

Алматы облысы тұрғындары үшін биылғы жылыту маусымына 1,33 миллион тонна көмір қажет. Бүгінгі таңда облыс аумағында барлығы 994 тонна қатты отын сатылды. Сондай-ақ тұйықтарда жаз мезгілінен бергі 5,1 мың тонна көмір тағы бар. Бағаның өсуі байқалмайды. Нарық бағасы 14500-16000 теңге айналасында. Осы тұста облыс бойынша барлығы сегіз көтерме көмір жеткізуші, 50 тұйық және 27 қойма бар екенін айта кеткен жөн.

Күн сайын облысқа 82 вагон көмір жеткізіледі. Оның 47-сі облыс елді мекендеріне, 35-і Талдықорған қаласындағы тұйықтарға түсіріледі. Талдықорған қаласының тұрғындары қыстан қысылмай шығу үшін қажетті көмір қоры 92 мың тонна болуы тиіс. Олардың есебінше, 1 маусым мен 11 қараша аралығында 78,4 мың тонна көмір сатылған. Күніне орташа 9 вагон, 621 тонна көмір қаладағы тұйықтарға жеткізілуде. Қазан айында 22,1 мың тонна көмір сату жоспарланса, 273 вагон көмір жеткізіліп, 18,8 мың тонна қатты отын саудаланған. Қараша айына 21,3 мың тонна көмір сату жоспарланған. Бүгінде оның 104 вагон, 7,1 мың тоннасы тұтынушылардың қажеттілігін қамтамасыз еткен. Қала бойынша тас көмір сатумен 9 мекеме айналысады. Күнделікті қатты отынның қала тұйықтарына келіп түсуі бойынша мониторинг жүргізілуде.

Ресми мекемелердің жыл басындағы жоспары мен бүгінгі күнге дейін жеткізілген көмір мөлшерінің статистикасына сүйенсек, аймаққа қатты отынның 80 пайыздан астамы жеткізіліп, сатылған. Қалғаны штаттық режимде жүзеге асып жатыр. Бірақ әлеуметтік желілерде көмір тапшылығы және ұзын-сонар кезек туралы неше түрлі ақпарат шығып жатады. Жақында әлеуметтік желіде көмір тиегіштің үстінде көмірге таласқан, тіпті көмір үшін өзін-өзі жағып жіберуге дайын тұрғындардың жанайқайы ақпарат құралдарында көрсетілді. Ал Үштөбе қаласының тұйығында көмір алуға келген көлік тізбегінен кезек пайда болғаны туралы бейнебаян инстаграм, вацап мессенжерлерінде таралып, тұрғындар қатты отынның жетіспейтіндігіне шағымданған.

Бұған қатысты Қаратал ауданы әкімдігі: «Апта сайын Үштөбеге 12-14 вагон жеткізіледі, бұл шамамен бір мың тонна көмір. Жазда көмірді уақытылы сатып алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілгеніне қарамастан, ауданның кейбір тұрғындары күн суытып, қысыла бастағанда қатты отын сатып алуға тырысуда. Сондықтан кезек пайда болды», – деп жауап берді.
Жалпы Қаратал ауданының тұрғындары жылыту маусымынан қысылмай шығу үшін 40 мың тонна қатты отын керек. Бүгінгі күні оның 28,6 мың тоннасы немесе 71,5 пайызы жеткізіліп, сатылған. Қазір Семей көмірі – 14200 теңге, Шұбаркөл 14400 теңгеден сатылуда.

Күздің соңғы айы – тұрғындардың отынын қамдап алатын уақыты. Міне, бір-екі аптада қоңыр күзбен қош айтысамыз. «Қыстың қамын жазда ойла» дегендей, тұрғындарға көмірді жаз мезгілінде сатып алуды түсіндіріп-ақ келеміз. Алайда пышақ жұлынымызға тақалғанда қозғалатын әдетіміз де бар. Соның салдарынан ала жаздай арқаны кеңге салып, күн суыта бастағанда қаптаған кезек орын алып жатады. Осындай салғырттығымыздан ұтымды пайдаланған алыпсатарлар жаз мезгілінде іркіліссіз жеткізілетін көмірді молынан түсіріп алып, қыс бойы қапқа салып сатумен айналысатынды тапты. Сондай-ақ бүгінде көмірді тұйықтан жеке тұрғын жайларға жеткізу құны да жылдағыдан өсе түскені байқалады. Жеткізу құны қашықтықтың жақын-алыстығына байланысты 5-8 мың теңгені құрайды. Әрине, бағаны нарық реттейтіндіктен, ол туралы артық ешнәрсе айта алмаймыз. Алайда тиісті мекемелер жыл басындағы жоспарына сай тұйықтармен келісе отырып, көмірдің сатылу жағдайын реттеп, тұрғындардың да белсенділігін арттыру жолын таппаса, бұл жыр бітпейді.

Қажет Андас

18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады
17 сәуiр, 15:44
Түркістан: Сайрамдық полицейлер алаяқтықтың алдын алды
16 сәуiр, 12:24
Түркістан: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол берілмейді
16 сәуiр, 12:05
Қайрат Нұрқасымов: Алматы Индустриялық аймағы – қала экономикасына серпін береді
12 сәуiр, 20:37
Түркістан: Полиция полковнигі жастарға есірткінің зардабын түсіндірді
12 сәуiр, 12:11
Түркістан: Сайрам ауданында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтуде
12 сәуiр, 12:10
Түркістан: Жетісай полицейлері «Заң және тәртіп» жобасын іске асыруда
11 сәуiр, 16:06
«Нөлдік төзімділік»: Түркістан полициясы 700-ден астам құқық бұзушыны анықтады
11 сәуiр, 15:50
Түркістан: Алаяқтар қашып құтылмайды